Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан билігі жаппай наразылыққа шығушыларды елдің "басқару органдарын басып алуды мақсат еткенін" мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, кешелі бері Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс пен өзге елді мекендерде ресми Ташкенттің Қарақалпақстанды егемендіктен айыруына алып келетін конституцияға енгізілмек өзгеріске қарсы наразылық акциялары өтуде.