Ереуілшілер ереуіл атқа ер салды: Қарақалпақстандағы алаңдарға шамамен 15 мың адам шыққан

Автономиялық республиканың әкімшілік кешенінің алдында, автобекетте, базар маңында қазір 6 мыңнан 15 мыңға дейінгі ереуілшілер ереуілдеуде деп жазады Рaryz.kz әлеуметтік желілерге шолу жасап. 

Ереуілшілер ереуіл атқа ер салды: Қарақалпақстандағы алаңдарға шамамен 15 мың адам шыққан
ашық дерек көздерінен

Алаңдағы ереуілшілерді әскерилер көзден жас ағызатын газбен атқылуда. Кешкілік Нүкісте интернет ағытылғанымен, ұялы байланыс әзірге жұмыс істеп тұр. 

Қанлыкөл (бұрынғы Ленинабадта) елді мекенінде екі адам жарақат алған. Жаралылар жергілікті ауруханаға жеткізілген. 

Қазірдің өзінде Нүкісте 600-ге тарта ереуілші ұсталған. Олар жергілікті полиция бөлімшелеріне жеткізуде. Атыс болмағанымен, ОМОН белсенділік танытуда. Ереуілшілердің қолдарында қару-жарақ жоқ. 

Халықтың талабы кеше қазіргі конституцияны өзгертпеу болып келсе, бүгіннен бастап, ел азаттығын сұрауда. 

Біраз адам жолшыбай блок-посттарға қарамастан,  Қарақалпақстанның солтүстігінен Нүкіске қарай бет алған. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда елдің солтүстігіндегі құқық қорғаушылар халықтың жағында. 

Қоғам белсендісі ДәулетмұратТәжімұратовты таңертең алып кеткен. Әзірге босатылған жоқ.

Өзбекстан президенті  мен премьер-министрі оқиға орын алған жерге аттанған. 

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның конституциясына өзгерістерді енгізу туралы шешім 5 шілдеде қабылдануы керек болатын.