Ракеталардың бірі тоғыз қабатты тұрғын үйдің талқанын шығарса, қалған екеуі Белгород-Днестровский ауданы, Сергеевка поселкесіндегі курортты аймаққа түсті.
Соңғы мәлімет бойынша, 18 адам, оның ішінде бір бала көз жұмды. Тағы 38 адам жарақат алды.
Жарақат алғандардың ішінде 4 бала мен аяғы ауыр келіншек бар. Үйінді астынан сегіз адам құтқарылды. Олардың үшеуі балалар, деп хабарлады Украинаның төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметі. Қазіргі кезде оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.