Ресей Одесса түбіндегі курортқа шабуыл жасады, 17 ересек пен бір бала көз жұмды

Кеше түнде ресейлік авиация Одесса маңайындағы курортты аймаққа үш ракета ұшырып, салдарынан 18 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың ішінде кішкентай бала да бар, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресей Одесса түбіндегі курортқа шабуыл жасады, 17 ересек пен бір бала көз жұмды
ашық дерек көздерінен

Ракеталардың бірі тоғыз қабатты тұрғын үйдің талқанын шығарса, қалған екеуі Белгород-Днестровский ауданы, Сергеевка поселкесіндегі курортты аймаққа түсті. 

Соңғы мәлімет бойынша, 18 адам, оның ішінде бір бала көз жұмды. Тағы 38 адам жарақат алды. 

Жарақат алғандардың ішінде 4 бала мен аяғы ауыр келіншек бар. Үйінді астынан сегіз адам құтқарылды. Олардың үшеуі балалар, деп хабарлады Украинаның төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметі. 
Қазіргі кезде оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.