Әлемде салмағы шамамен 36 тонна болатын Boeing-ті қозғалта алатын көптеген спортшы бар. Бірақ оларды орындау уақыты зор маңызға ие.
"Ресейдің ең күшті адамы" турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Эльбрус Нигматулин жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады paryz.kz.
Спортшы 1 минутқа жетпейтін уақыт ішінде Boeing 737 жолаушылар ұшағын 25 метрге дейін сүйреді.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода спортшының аса ауыр салмақ жүктемесімен 25 метр қашықтықты қалай жүріп өткені көрсетілген.
Әлемде салмағы шамамен 36 тонна болатын Boeing-ті қозғалта алатын көптеген спортшы бар. Бірақ оларды орындау уақыты зор маңызға ие. Нигматулин мұндай міндетті 44,58 секундта орындады және сол арқылы Ресей рекордын жаңартты, деп хабарлады жергілікті БАҚ.