Зерттеу жасағандар сол арқылы жануарлардың өмірін сақтауға болатынын алға тартуда.
Бір топ америкалық ғалымдар мен дизайнерлер адамның жасушаларынан ет жасап шығарды, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қолдан жасалған етке ғалымдар Ouroboros деген атау берді. Бұл сөз құйрығын тістеген жыланның атауы әрі ежелгі белгі болып табылады. Табиғаттың тоқтаусыз ағымын білдіреді. Алайда, зерттеушілердің өзі бұл дайындалған етті жеу адамды жегенмен бірдей деген пікірде.
Ғалымдар мұндай өнімді жасау қиынға соқпайтынын айтуда. Сөздерінше, ол үшін адамның ұртындағы жасушаларды жинап, оны тұрып қалған қанның сарысуына салып қою керек. Бұдан бір тістем болатын ет өсіп шығады екен. Етті дайындауға 3 айға жуық уақыт кетеді.
Зерттеу жасағандар сол арқылы жануарлардың өмірін сақтауға болатынын алға тартуда. Осылайша, адамдар қолданып жүрген етті дайындап шығуға болады.