Танымал КВН-ші жансақтау бөлімінде өздігінен тыныс ала алмай жатыр

Алдын ала мәліметтер бойынша, одан коронавирус табылған.

Танымал КВН-ші жансақтау бөлімінде өздігінен тыныс ала алмай жатыр
фото: youtube.com

Ресейлік тележүргізуші әрі шоумен Дмитрий Хрусталев ауруханаға түсті, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дәрігерлер ақпараттық агенттікке шоуменнің жағдайы туралы айтпаған. Ресейлік БАҚ мәліметінше, Хрусталев қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, одан коронавирус табылған.

"СтарХит" порталының мәліметінше, жүргізуші өздігінен тыныс ала алмай жатыр екен. Ал Mash Telegram-каналы Хрусталевтің жасанды комаға жатқанын хабарлады.

Айта кетсек, Дмитрий Хрусталев "Сборная Санкт-Петербурга" командасының құрамында КВН-нің Жоғарғы лигасындағы ойнаған. 2008 жылдан бастап Comedy Woman бағдарламасында өнер көрсетті. 2013 жылы "Вечерний Ургант" бағдарламасының екінші жүргізушісі атанды.