Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Күйеуі түрмеге қамалған: Бай түрікке тұрмысқа шыққан ресейлік әйел 21 баласымен жалғыз қалды

24 жастағы Кристина Гагаркина мен оның 57 жастағы күйеуі түрік кәсіпкері Галип Озтюрк артынан ізін жалғастырар 100 мұрагерлі болуын қалаған. Алайда жоспарларының тек жартысы орындалып, қазіргі уақытта олардың 21 баласы бар. Күйеуінің түрмеде отырғанына байланысты Кристина енді бүлдіршіндерді өзі қарауға мәжбүр, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Күйеуі түрмеге қамалған: Бай түрікке тұрмысқа шыққан ресейлік әйел 21 баласымен жалғыз қалды
ашық дерек көздерінен

Жұп Батумиде танысқан кезде Кристина кішкентай қызы Виканы тәрбиелеп жатқан еді. Жұбайының балалы екені әрі екеуінің 23 жас ерекшелігі Галипті алаңдатпаған сыңайлы. Ол бірден жас орыс қызды әйелі етуді шешеді.

Көп балалы ана болу қуанышын тездету үшін Озтюрк жас әйеліне жоспарын ұсынған. Бір баланың туғанын тоғыз ай күткенше, суррогат аналардың арқасында оншақты мұрагерді дүниеге әкелу дұрыс деп топшылайды. Оның үстіне Грузияда бұл қызмет заңдастырылған. Әрбір суррогат ана ерлі-зайыптыларға 8 000 еуроға шығады, оған қоса медициналық көмек, тамақ және дәрі-дәрмек құнын төлейді.

Нәтижесінде 2021 жылдың күзіне қарай ерлі-зайыптылар 21 сәбиді дүниеге әкелді. Отбасы Батумиде ашық террассасы бар екі қабатты пәтерде тұрған. Бірінші қабат балалардың жатын бөлмелері, ойын бөлмелері және ас үй, ал екінші қабатта Кристина мен Галип бөлмесі болған.

Галип Джорджияда қонақүй бизнесімен айналысқанда, Кристина балалы болу жайлы блог жүргізді, бір уақытта бірнеше қонақүйді басқарды. Үйлену тойынан кейін бірден ол әйелін бірнеше қонақүйге директор етіп тағайындады. 

Кәсіпкерді Грузия билігі мамыр айының соңында Батумиде тұтқындады. Галип ақша жымқырды және жалған құжат жасады деген айыппен ұсталды, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Батуми штаб-пәтерін тінту кезінде жедел-тергеу қызметі оның үйінен ірі көлемдегі қаражат, психотроптық заттар мен 7,2 кг кокаин тапты. 

Тергеу жалғасып жатқанда Батуми соты кәсіпкерді екі айға изоляторға жіберді. Адвокаттар прокуратураның жалған айып тағып отырғанын баса айтып, қарсылық білдіруге тырысып, оны 1 миллион лариге кепілдікке босатуды сұрады. Алайда прокурор бұған қарсы болып, Галиптің елден қашып кетуі мүмкін екенін айтты.

“Грузин ауылында дүниеге келдім және Гүржістанды бала кезімнен жақсы көремін. Грузияда алғашқы инвестициямды жасадым. Менің үйім осында, қайда қашуым керек? Мен келсімге келуге дайынмын”, – деп Галип өзін ақтауға тырысты. Алайда сот оның сөзін ескермеді.