Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Microsoft: Хакерлер вакцина жасаушыларға шабуыл жасады

Бұған дейін Майкрософт Ресей, Иран және Қытай киберқылмыскерлері тобының 2020 жылғы президент сайлауы қарсаңында АҚШ-тағы сайлау процесіне араласу белгілерін тапқанын мәлімдеді.

Microsoft: Хакерлер вакцина жасаушыларға шабуыл жасады
фото: Microsoft

Майкрософт соңғы айларда фармацевтикалық компаниялар мен коронавирустық вакцина жасаушыларға қатысты бірнеше хакерлік шабуыл тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлады paryzkorrespondent.net-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы 13 қараша, кеше Microsoft қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Том Берт компанияның блогында жазған. 

Берттің айтуынша, орындаушылар үш хакерлік топ болды: Ресейден Strontium тобы (Fancy Bear деп те аталады) және Солтүстік Кореядан Zinc және Cerium топтары. Хакерлердің құрбаны болған компаниялар Канадада, Францияда, Үндістанда, Оңтүстік Кореяда және АҚШ-та орналасқан.

"Шабуылға ұшыраған компанияларда вакциналар клиникалық зерттеулердің әртүрлі кезеңдерінде. Сондай-ақ, клиникалық зерттеу ұйымы және Covid-19 тестін жасаған компания хакерлік зиянды қызметтің объектілері болды. Хакерлердің мақсатына айналған ұйымдардың көпшілігі келісімшарттарға ие немесе өз елдерінің мемлекеттік органдарынан тікелей инвестициялар алады", - деді Том Берт.

Майкрософт жариялаған мәлімдемеде ресейлік хакерлер құпия сөздерді (passwordspray) санау және "шашу" арқылы компания қызметкерлерінің есептік жазбаларына кіруге тырысты деп мәлімдейді.

Zinc және Cerium топтары өз кезегінде фишингтік хабарламаларды, соның ішінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері ретінде де қолданды.

Том Берт шабуылдардың көпшілігін Microsoft құралдары бұғаттаған деп мәлімдейді. Сонымен бірге, ол хакерлердің вакцина өндіруші компаниялар қызметкерлерінің есептік жазбаларына қанша рет қол жеткізгенін және бұл ақпараттың қаншалықты маңызды екенін нақтыламады.

Бұған дейін Майкрософт Ресей, Иран және Қытай киберқылмыскерлері тобының 2020 жылғы президент сайлауы қарсаңында АҚШ-тағы сайлау процесіне араласу белгілерін тапқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, АҚШ-та ресейлік хакер Алексей Бурков кибершабуыл үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.