Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Үйлерін өртеп жіберген": армяндар Қарабақтан кетіп жатыр

Олар баспанасы әзербайжандықтарға тиесілі болмас үшін осындай қадамға барған.

"Үйлерін өртеп жіберген": армяндар Қарабақтан кетіп жатыр
фото: eurasianet.org

Армяндар Баку, Ереван мен Мәскеу арасындағы үшжақты келісімнен кейін Әзербайжан қарамағына өтуі тиіс мекендерден жаппай кетуде. Адамдар өз мүлкін шығарып жатса, кейбірі тіпті үйлерін өртеп жатыр, деп хабарлады Sputnik Армения.

Басылымның жазуынша, Карабақтың солтүстік жолы көліктерге лық толы. Карвачар тұрғындары туған жерлерін тастап, бар мүлкі мен жануарларын алып кетіп жатыр. Кейбір адамдар дүкендер мен коммерциялық ғимараттардан керек-жарағын алып жатса, енді бірі өз үйлерін өртеп кетуде. Олар баспанасы әзербайжандықтарға тиесілі болмас үшін осындай қадамға барған. Әзербайжан, Армения мен Ресей 9 қарашада қол қойған құжатқа сәйкес, Карвачар ауданы 15 қарашаға дейін берілетін болады.

Басылымының мәліметінше, жергілікті Дадиване монастырі армяндардың қарамағында қалуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 10 қараша күні Әзербайжан, Армения және Ресейдің Қарабақ туралы келісімі жарияланғаны белгілі болды. Таулы Қарабақ үшін күрес Әзербайжан мен Армения арасында 27 қыркүйектен бастап, яғни 1 ай 14 күнге жалғасты.

Күні кеше Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталғанын жариялады.