Лос-Анджелесте ұшақ апатқа ұшырады

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келмеген.

Лос-Анджелесте ұшақ апатқа ұшырады
фото: Қазақпарат

Бейсенбі күні Лос-Анджелестің солтүстік бөлігіндегі (Калифорния штаты) тұрғын үй ауданына шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлады NBC телеарнасы.

Cessna 172 ұшағы аталған ауданда әуежайға қонуы тиіс болған. Құлау орнында өрт шығып, бірнеше автокөлік жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келмеген.

Әуе кемесінің бортында ұшқыштан басқа ешкім болмаған.