Жедел штаб өкілдерінің айтуынша, тек осы жағдай ғана дәрігерлердің вирус жұқтыруына себеп болуы мүмкін.
Жедел штабтың мәлімдеуінше, дәрігерлер COVID-19 қоздырғышын жұқтырған мезгілде әлі иммунитет қалыптастырып үлгермеген деп хабарлады BAQ.KZ.
Ресейдегі Алтай өлкесінде «Спутник V» препаратымен вакцинацияланған 42 дәрігердің үшеуі COVID-19 коронавирусын жұқтырған. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
"Әзірлеушілердің айтуынша, вакцина екі компонентті: адам бірінші инъекциядан үш апта өткен соң барып екіншісін алады. Адам екінші вакцинациядан кейін үш аптадан кейін ғана вакцинацияланған және сәйкесінше коронавирустық инфекциядан қорғалған деп саналады, өйткені осы уақыт ішінде иммунитеттің қалыптасу процесі жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Вакцинациядан өткен вирус жұқтырып алған дәрігерлердің иммунитеті COVID-19 қоздырғышымен кездесу кезінде қалыптаспаған болуы мүмкін.
Жедел штаб өкілдерінің айтуынша, тек осы жағдай ғана дәрігерлердің вирус жұқтыруына себеп болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 11 тамызда Ресей Президенті Владимир Путин Ресейдің коронавирустық вакцинаны тіркеген әлемдегі алғашқы ел екенін мәлімдеген еді. Вакцинаны Путиннің қызы алғашқылардың бірі болып салдырған болатын.