Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

181 миллион доллар: Тасмағамбетовтің күйеу баласы Лондоннан қымбат пәтер алған ба?

Оның Байденнің ұлы Хантер Байденмен байланысы бар екені осыған дейін бірнеше рет жазылған.

181 миллион доллар: Тасмағамбетовтің күйеу баласы Лондоннан қымбат пәтер алған ба?
фото: дереккөз

Америкалық "New York Post" басылымы Джо Байден сайлауда жеңіске жеткен күні белгісіз біреу Лондоннан құны 181 миллион доллар тұратын пәтер сатып алды деп жазыпты. Бұл туралы бүгін arasha.kz хабарлады.

Англияның орталығындағы элиталы жылжымайтын мүліктің ерекшелігі – 1938-1960 жылдар аралығында онда АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшілігі орналасыпты. Англияның "The Times" газеті мен "Tatler" журналы мәміледегі сатып алушының атын атамады. Алайда, АҚШ-тағы әлеуметтік желілер, республикалық партия мен Дональд Трамптың жақтастары бұл мәмілені қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевпен байланыстырады.

Оның Байденнің ұлы Хантер Байденмен байланысы бар екені осыған дейін бірнеше рет жазылған. Хантер Рақышевтің Нью-Йорк пен Вашингтондағы инвестициясына және оның ірі көлемдегі ақшасын заңдастыруға болысты деген тұспалдар жасалуда.

Шетелдік басылымдар қазақстандық олигарх АҚШ-тың 46-шы жаңа президентіне қосқан үлесін осылай "тойлауы" мүмкін деп жазды.