Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Жобаларың ұнады": Google қазақтың балаларына жұмыс ұсынды

Google компаниясы болашақта қазақтың балаларын жұмысқа шақыратынын айтты деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жобаларың ұнады": Google қазақтың балаларына жұмыс ұсынды
Сурет: Turkystan.kz

Бұл туралы мәлімет Facebook-тегі ZTB Qazaqstan парақшасында жарияланды.

«АҚШ-тың Хьюстон қаласында 7-9 жастағы балалар арасында робототехникадан өткен First Lego League әлем чемпионатында Қазақстан командасы бас жүлдені жеңіп алды», – делінген хабарламада.

Чемпионатта жүк тасымалын тиімді жеткізу бойынша жобалар сарапқа салынды. Қазақстан командасы жүкті поезбен тасымалдауда дронды пайдалану жобасын ұсынды. Оған Google-дың өкілдері қызығушылық танытып, қазақтың балаларын компанияның инженері жұмысына шақыратынын айтты.

Сайыста Google-дың өкілдері қазақтың қаракөз балаларына: «Болашақта біздің инженеріміз болыңдар. Жобаларың ұнады», – деді.

Жарысқа жер-жүзінің 60 елінің командасы қатысты. Қазақстан жарыста алғаш рет бақ сынады.