Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

АҚШ президенті Байденнің саясаты қандай болмақ?

"Мен ажырататын емес, біріктіретін президент болуға уәде беремін".

АҚШ президенті Байденнің саясаты қандай болмақ?
Фото: дереккөз

Демократтардың үміткері Джо Байден сайлаудағы жеңісі туралы жариялап, саясатындағы басымдықтары - COVID-19-бен күрес, экономика, климат және расизммен күресі туралы айтты, деп хабарлады paryz.kzРИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Америкалықтар заманымыздағы күрес үшін абырой мен адалдық, ғылым күші мен үмітті біріктіруге шақырды. Енді вирусты бақылау, гүлдену, отбасында денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, расизммен күресу және еліміздегі расизм жүйесін жою, климатты қорғау керек", - деді Байден Делавэрде.

Ол "демократтарды қорғап, әділдік орнату" және америкалықтардың тең мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет екенін айтты. 

"Мен ажырататын емес, біріктіретін президент болуға уәде беремін. Біз Штаттарды "көк" немесе "қызыл" деп бөлмейміз, біз біріккен Құрама Штаттар деп қараймыз", - деді ол ұлтқа үндеуінде.

Еске салайық, демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланды. Оны жеңісімен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады