Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Димаш Құдайбергеннің анасы концертте әлемді сүйсінтті

Димаштың Еуропадағы концерттерінің бірінде түсірілген бейнежазба көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К.-ға сілтеме жасап. 

Димаш Құдайбергеннің анасы концертте әлемді сүйсінтті
Сурет: Видеодан стоп кадр

Онда сахнада терлеп ән шырқаған әншіге анасы келіп, бетін орамалмен сүртеді.

Димаш та осы сәтте анасының жанашырлығына сүйсініп, бетінен сүйіп алады. Ал концертке әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер Димаштың анасына зор құрмет көрсетіп, қол соқты.

Желі қолданушылары сахнада тұрған баласына мейірімділігін сездірген ананың әрекетінен ерекше әсер алдық деп жазды.

"Жып-жылы сәт. Ананың бәрі осындай", "Не деген керемет көрініс. Анасы қазақтың кимешегімен жүр. Жарайсыздар",

— деді пікір білдірушілер.