Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Алғашқы қазақ мектебі Пенсильвания штатында ашылды (ВИДЕО)

Алғашқы қазақ мектебі Пенсильвания штатынының Филадельфия қаласында  (АҚШ) ашылды. Мектепте 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қазақ тілін, қазақ халқының салт-дәстүрін үйренеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алғашқы қазақ мектебі Пенсильвания штатында ашылды (ВИДЕО)
Сурет: Instagram @kaztwitter

Сондай-ақ, мектепте оқушыларға домбыра үйірмелері де қарастырылған.

Мектеп Қазақстан-Америка қоғамдастығы қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилованың бастамасымен ашылды.

"Бүгін қасиетті айда Филадельфия қаласында Kazakh American communityнің бастауымен Қазақ мектебі ашылды. Мектебімізде АҚШта туылып, осында өсіп келе жатқан балаларға Қазақ тілін, тарихын, ән-ұранын үйретіп, Құран сүрелерін жаттатып, Домбыра үйретіледі. Сәттілік серігіміз болсын!", - деп жазды Жұлдызай Исмаилова.

Мектеп Қазақстаннан АҚШ-қа көшіп келгендерге білім беруге бағытталған.