Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Facebook АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесін желіде жариялайтын болды

Facebook-тің басты хабарламасы желі қолданушыларының жаңалықтар легінің жоғарғы тұсында көрініп тұратын болады.

Facebook АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесін желіде жариялайтын болды
Фото: ашық дереккөз

Facebook әлеуметтік желісі АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі туралы хабарламаны бірден желі қолданушыларының назарына ұсынбақ. Сондай-ақ, әлем күтіп отырған маңызды ақпараттан Instagram желісін пайдаланушылар да тыс қалмайтын болды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

The Verge агенттігінің мәліметінше, Facebook хабарламасы желі қолданушыларының жаңалықтар легінің жоғарғы тұсында көрініп тұратын болады. Хабарламада сайлау жеңімпазының аты-жөні жазылады. Әлеуметтік желі Reuters, ABC News, CBS News, Fox News, NBC News, CNN және Associated Press сынды ірі бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын бағдарға алмақ.

"Facebook-тің басты хабарламасы желі қолданушыларының жаңалықтар легінің жоғарғы тұсында көрініп тұратын болады. Хабарламада сайлау жеңімпазының аты-жөні жазылады. Әлеуметтік желі Reuters, ABC News, CBS News, Fox News, NBC News, CNN және Associated Press сынды ірі бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын бағдарға алмақ", - деп жазды The Verge агенттігі.

Еске салсақ, дәл қазіргі уақытта елдегі алты штатта дауыстарды санау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Пошта арқылы келген бюллетеньдерді санау нәтижесінде, Пенсильвания мен Джорджия штаттары бойынша Джо Байденнің Дональд Трамппен теңесіп қалғаны белгілі болды – егер осы штаттарда жеңіске жетсе, Джо Байден сайлауда да жеңімпаз атанбақ. 

Айта кетсек, бүгін Вашингтондағы Ақ үй алдында бірнеше жүздеген белсенділер шеруге шығып, Трамптың биліктен кетуін талап етіп жатыр.