Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Көгеріп кеткен": Әкесі сүндетке отырғызған бір айлық сәби ауыр халде

Әкесі сәбиін үйінде өз қолымен сүндеттеймін деп ауыр хәлде ауруханаға жеткізуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта нәресте жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К.-ға сілтеме жасап. 

"Көгеріп кеткен": Әкесі сүндетке отырғызған бір айлық сәби ауыр халде

Дүниеге келгеніне 27 күн болған сәбиін үйінде өз қолымен сүндеттеген әкенің әрекетін РЕН ТВ арнасы жазды. Ақпаратқа сүйенсек, оқиға Мәскеу қаласында болған. Өзін хирургпын деген әкесі нәрестесін ауруханаға апармай, дәрігерлерге жеткізбей сүндеттеген. Дегенмен осы әрекетінен соң баланың жағдайы күрт нашарлап, шұғыл ауруханаға жеткізіліпті.

Оның аты-жөні дәрігерлер тізімінде жоқ. Сүндеттеу кезінде сәбидің тынысы тарылып, дем жетпей қалған. Артынша көгеріп кеткен баланы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіп отыр. Қазір жағдайы ауыр,

— деп жазылған ақпаратта.

Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де жайттары анықталуда.