Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Қабан деп ойлаған": Польшада қазақстандық студентті атқан полиция екен

Күдікті 8 жылға дейін дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Қабан деп ойлаған": Польшада қазақстандық студентті атқан полиция екен
фото: Азаттық рухы

Жақында Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтіргені туралы ақпарат тарап, Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Қайғылы оқиға Польшаның Ополе Любельское қаласында болған деп хабарлады paryz.kz.

Бүгін жергілікті dziennikwschodni.pl порталы қайғылы оқиғаға байланысты жаңа деректерді жариялады. Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қарашада Клучковицадағы интернат маңындағы білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасына барған кезде болған.

Осы оқиғадан кейін бір күн өткен соң, отставкадағы полицей, 51 жастағы Дариуш Ч. ұсталды. Сондай-ақ, оның 41 жастағы досы, шіркеу қызметкері және ерікті өрт сөндіруші ұсталған. Бұрынғы полицей үш айға қамауға алынды. Қылмыстың бұл түрі үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Басылым мәліметінше, күдікті қазақстандық студентті (марқұм – ред.) жабайы қабан деп ойлаған.

Ал оқ атқан күдіктінің досы жәбірленушіге көмек көрсетпегені, қылмысты жасыруға көмектескені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.