Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қырғыздар Қытай алдындағы қарыздан құтыламыз деп құлшынып отыр

Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд 169,6 млн долларды құрайды. Оның 1 млрд 776,29 млн доллары - "Эксимбанктен" алынған несие.

Қырғыздар Қытай алдындағы қарыздан құтыламыз деп құлшынып отыр
фото: sn.kz

Қырғыз Республикасында президент міндетін атқарып отырған премьер-министр Садыр Жапаров Қытай алдындағы мемлекет қарызын қайтару үшін арнайы есепшот ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлады centralasian.org.

Ол бұл жөнінде кеше Жалал-Абад облысында тұрғындармен кездесу кезінде айтқан.

"Маған сенетін мигранттар және жеке кәсіпкерлер Қытайға қарызды қайтару үшін арнайы есепшот ашып жатыр. Екі-үш күнде бұл мәселе шешіледі. Біз ашықтықты қамтамасыз етеміз", - деді ол.

Жапаров осыған дейін басқа аймақтарда халықпен кездесу кезінде қарызды қайтаруға елдің ішкі ресурстары жеткілікті деген. Қытай алдындағы қарызды қайтару үшін халықтан ақша жинайық деген ұсынысты қазан айында парламент депутаты, "Әйелдер кеңесі" бірлестігінің жетекшісі Айнұры Алтыбаева айтқан.

"Қазір мемлекеттік банктен есепшот ашу шарттары шешіліп жатыр. Барлық төлемдер сайтта жарияланып тұрады", - деген ол.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғыз елінің сыртқы қарызы 4 млрд 169,6 млн долларды құрайды. Оның 1 млрд 776,29 млн доллары "Эксимбанктен" алынған.

2018 жылы Қырғызстанның премьер-министрі болған Мұхаммедкалый Абылгазиев та арнайы есепшот ашу туралы ұсыныс айтқан. 2007 жылы премьер-министр болып тұрғанда экс-президент Алмазбек Атамбаев та арнайы есепшот ашқан. Бес жыл ішінде 20 мың доллар жиналған.

P.S. Біз ше? Қазақстан қашан құтылады?.. Әзір емес-ау, сірә...