Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ұшатын көлік құрастырылды (ВИДЕО)

Қанатты көліктің сатылатын нұсқасы бір-екі жылда шығады деп жоспарланып отыр.

Ұшатын көлік құрастырылды (ВИДЕО)
фото: koleso.kz

Словакиялық шеберлер жасаған жалпақ AirCar аэродинамикалық тіреуі аса дамыған суперкар сияқты көрінеді. Автокөлікті ұшаққа айналдыру үшін тиісті батырманы басса болды, қалғанын автоматика жасайды, деп хабарлады paryz.kz, kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктің бүктелген қанаты жазылып, артқы бөлігі мен рөлі ұзарады. Бұл процесс үш минут уақыт алады.

Көлік 140 аттың күшіне ие 1.8 литрлік BMW арқылы қозғалады. Екі адам сыятын модельдің салмағы – 1100 кг. AirCar мың шақырымға ұша алады, 200 км жылдамдықпен қалықтаса, сағатына 18 литр отын жұмсайды.

Аэромобиль өткен аптада Словакиядағы Пьештян әуежайында екі рет ұшып, төңіректі еш кедергісіз айналып шыққан. Өнім авторы Стефан Кляйн көлікті басқару қиын емес екенін және жүргізушіні ұшқышқа қайта квалификациялау процесі көп уақыт қажет етпейтінін айтты.

Қанатты көліктің сатылатын нұсқасы бір-екі жылда шығады деп жоспарланып отыр. Оған анағұрлым қуатты мотор орнатылады. Ал бағасына қатысты мәлімет жоқ.