Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Сайлауда "даусы ұрланған" Трамп Жоғары сотқа жүгінбек

Еске сала кетсек, оның қарсыласы Джо Байден – Барак Обаманың жанында вице-президент қызметін атқарған демократ.

Сайлауда "даусы ұрланған" Трамп Жоғары сотқа жүгінбек
фото: Eduardo Munoz Alvarez / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауда алаяқтық орын алғанын жариялады. Бұл туралы CNN тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Республикашыл Трамп Флорида, Огайо, Техас, Солтүстік Каролина және Джорджия сияқты бірнеше штаттардағы дауыс саны бойынша алда келе жатқанын мәлімдеді. Бірақ, "бір шикіліктің" болғанына сенімді. Айтуынша, демократиялық партия мүшелері оны жеңуге жол бермеу үшін алаяқтыққа барған.

Трамп сайлау қорытындылары туралы мәселені шешу үшін Жоғарғы сотқа баруға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол өзіне дауыс берген сайлаушыларына, отбасы мүшелеріне және әріптестеріне алғыс айтуды да ұмытпады.

Еске сала кетсек, оның қарсыласы Джо Байден – Барак Обаманың жанында вице-президент қызметін атқарған демократ.