Қытайда кенеттен "аспаннан ақша жауды" (ВИДЕО)

Шамамен 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражатты (23 мың фунт стерлинг) 29 жастағы Ке есімді азамат есірткі қабылдағаннан кейін шаша салған екен.

Оқыс жағдай 17 қазан күні болып, бұл жайттың видеосы желіге тарап кетіпті. Белгілі болғандай, қаражатты зәулім үйдің 30-қабатында тұратын ер адам шашқан екен, деп хабарлады paryz.kz.  

Бұған ерекше қуанған тұрғындар дереу асфальтқа шашылған ақшаны жинауға кіріскен. Әрине, полиция мұндай "жауынға" қызығушылық танытпай қоймады. Дереу келіп жеткен тәртіп сақшылары жомарттық танытқан азаматты іздеп тапқан. Шамамен 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражатты (23000 фунт стерлинг) 29 жастағы Ке есімді азамат есірткі қабылдағаннан кейін шаша салған екен. "Ақкөңіл" азамат қамауға алынғанымен, тегін жауған қаражаттың арқасында бірталай тұрғын қалтасын толтырып үлгерген.

Бұл қаражатты ер адамның анасы үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жинап келгені анықталыпты.