Айта кетейік, 31 қазанда Георгий Гахария күзет қызметшісінде коронавирус анықталғаннан кейін оқшауланған болатын.
Грузияның премьер-министрі Георгий Гахария коронавирус жұқтырды, деп хабарлады paryz.kz, грузиялық "Бірінші арна"-ға сілтеме жасап.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер тапсырған тесттің нәтижесі оң болып шыққан. Гахария өзін жақсы сезінетіні хабарланды. Ол үйде емделеді.
Айта кетейік, 31 қазанда Георгий Гахария күзетшіден коронавирус анықталғаннан кейін оқшауланған болатын.
"Өкінішке қарай, маған ерекше режимде жұмыс істеуге тура келіп тұр. Себебі, менің қызметкерімнен коронавирус анықталды. Сәйкесінше мен оқшауландым және жұмысымды сол режимде жалғастырамын", - деп жазды Гахария Facebook желісіндегі парақшасында.