Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады

Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады
Сурет: ашық дереккөз

Еліміздің әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілді.

Украина аумағында азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіпке және NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев әрі әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты отандық компаниялардың барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк әрі чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына әрі оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жіберді.

«Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтауына байланысты ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желіні іске қосты. Телефон нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215» , – дейді ИИДМ.

Колл-орталық 2022 жылғы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға аралығында жұмыс істейді.