Бұл – Франкфурттағы полицейлерге соңғы бірнеше күнде жасалған екінші шабуыл.
Кеше Франкфурт қаласының полиция бөлімі тәртіп сақшыларының шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Ашуға булыққан бір топ жас – 800-дей адам патруль көлігіне тас, жұмыртқа және бөтелке лақтырған. Бұл туралы euroweeklynews сайты жазды деп хабарлады paryz.kz.
Оқиға кезінде тоғыз адамның қамауға алынғаны хабарланып отыр. Бұл – Франкфурттағы полицейлерге соңғы бірнеше күнде жасалған екінші шабуыл. Қаланың полиция бастығы Герхард Бересвиль «адамдардың полицейлерге аяқ астынан шабуыл жасауы - адам төзгісіз әрекет» деп атады. Қамауға алынған 9 адамның сегізі айғақ дәлелдердің жетіспеушілігінен бостандыққа жіберілді.