Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Димаштың индонезиялық фанаты қазақтың ұлттық киімдерін тігуде (ФОТО)

Димаштың индонезиялық фанаты қазақтың ұлттық мәдениетін зерттеумен айналысып, нәтижесінде қазақ ұлттың ұлттық киімдерін тігумен айналысуда, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Димаштың индонезиялық фанаты қазақтың ұлттық киімдерін тігуде (ФОТО)
Сурет: Nur.kz

Бойжеткен Қазақстанның бірегей мәдениеті оған шабыт бергенін айтты.

Кики Чан есімді индонезиялық қыз Dimash Indonesian Dears фан-клубының жанкүйері. Ол хобби-косплеймен айналысады. Бойжеткен компьютерлік ойындардың, кинотеатрдың, әдебиеттің, комикстердің, аниме немесе манганың сүйікті кейіпкерлерінің өз қолымен костюмдерін жасайды.

Кики Чан қазіргі таңда қазақтың ұлттық мәдениетіне қызығушылық танытып, осы стильде костюмдер жасайды. Кикидің айтуынша, ол бала кезден әлемнің түрлі елдерінің мәдени ерекшеліктерін зерттегенді ұнатады. Ал қазақтың ұлттық киіміне деген сүйіспеншілігінің артуына оған Димаш себеп болыпты.

Димаш әрқашан туған елінің мәдениетіне үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Жеке Мен үшін Қазақстан мәдениетінің кереметтігі мен бірегейлігі соншалық, маған дәстүрлі қазақ костюмін киіп көру немесе қандай да бір ұлттық музыкалық аспабында ойнап көру өте қызықты болды. Қазақстанның сұлулығы менің жүрегімді және бүкіл әлемдегі барлық Dears-тің жүрегін жаулап алды, – деді Кики Чан.