Соңғы мәліметке сәйкес, Эгей теңізі аймағындағы табиғи апаттан 24 адам көз жұмды. Тағы 800-ден астамы жарақат алған.
Жойқын жер сілкінісінен туындаған цунами Түркияның Измир қаласындағы үйлерді қиратты. Оқиға орнынан алғашқы кадрлар пайда болды, деп хабарлады paryz.kz.
Табиғи апаттың салдары бейнеленген видеороликтер "Раньше всех" telegram-арнасында жарияланды. Кадрлардан Измир көшелерін су басқанын, жиһаздардың, үйдің қирандылары мен өзге де заттардың сумен ағып бара жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, бұған дейін Грекия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны хабарлаған еді. Афина университетінің сейсмикалық зертханасы Грекияның Самос аралынан магнитудасы 6,8 баллды тіркеді. Зертхананың мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Самостың солтүстік-батысындағы 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Сондай-ақ, жер сілкінісін түркиялықтар да сезген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның эпицентрі Сеферихисар қаласының маңында. Измир аумағында да опырылған ғимараттар тіркелгені хабарланды. Соңғы мәліметке сәйкес, Эгей теңізі аймағындағы табиғи апаттан 24 адам көз жұмды. Тағы 800-ден астамы жарақат алған. Дүмпудің күші 6,6 балға жетіп, 30 секундқа ұласқан.
Бүгін Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.