2022 жылға дейін Германияда үш атом электр стансасы ғана қалады – Бавария, Баден-Вюртемберг және Төменгі Саксония штаттарында.
Германия 31 желтоқсанда ядролық энергиядан толық бас тарту әрекеттері аясында үш атом электр стансасын жабады деп хабарлайды Paryz.kz.
Жаңа жыл қарсаңында билік Брокдорф, Гронди және Грундреммингендегі С блогындағы электр стансалары желіден ажыратылып, жұмыстан шығарылады деп мәлімдеді.
2022 жылға дейін Германияда үш атом электр стансасы ғана қалады – Бавария, Баден-Вюртемберг және Төменгі Саксония штаттарында. Жапондық Фукусимадағы ядролық апаттан кейін 2011 жылы бұрынғы канцлер Ангела Меркель бастаған ядролық энергетиканы кезең-кезеңімен тоқтатуды аяқтай отырып, олардың барлығы келесі жылдың соңында жойылады.