Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков шара кезінде БАҚ өкілдерінен айғайламауды сұрады.
Владимир Путин жыл сайынғы өтетін баспасөз мәслихатында журналистерге айғайлауға рұқсат берді деп хабарлайды Paryz.kz.
РИА Новости мәліметіне сәйкес, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков шара кезінде БАҚ өкілдерінен айғайламауды сұрады. Сол кезде Путин күле қарап, айқайлауға рұқсатын берді.
Болады, болады, айғайлай беріңдер, – деді Путин.
Владимир Путиннің биылғы баспасөз мәслихаты «Манеж» орталық көрме залында өтті. Тікелей көрсетілім ұйымдастырылған. Ол үшін 500-ден астам журналист аккредитациядан өткен. Биыл Путин үлкен баспасөз мәслихатын өткізу дәстүрін өзгертіп, кіріспе сөзден бас тартты.
Менің ойымша, біз ұзақ кіріспе сөзсіз де жұмыс істей аламыз. Бұл барлығына пайдалырақ әрі қызықты болады, – деді Ресей президенті.