Билік зардап шеккен аймаққа 300-ге жуық сарбаз, 102 арнайы техника мен тікұшақ жіберді.
Испанияның солтүстігін су басып жатыр. Барра дауылынан кейін нөсер құйып, Эльба өзені арнасынан тасыды деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, тасқыннан 2 адам көз жұмған. Наварра провинциясында тұрғындар шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. Билік зардап шеккен аймаққа 300-ге жуық сарбаз, 102 арнайы техника мен тікұшақ жіберді. Құтқару жұмысы жалғасып жатыр.
Мен мұндай су тасқынын ешқашан көрген емеспін. Көпір де су астында қалды. Үйіміз тұруға жарамсыз болып қалды. Үлкен шығынға баттық, - деді жергілікті тұрғын Эмилио Карридо.