Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қырғыз "қылмыс әлемінің серкесі" Қамшы Көлбаев ұсталды

2012 жылы АҚШ президенті Барак Обама Көлбаевты жеті ірі есірткі бароны ретінде "қара тізімге" қосқан.

Қырғыз "қылмыс әлемінің серкесі" Қамшы Көлбаев ұсталды
Фото: centralasian.org

Қырғыз Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Көлбаевты ұстады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды paryz.kz, centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"Қылмыстық топ құру немесе соған қатысу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Хабарларға қарағанда, 22 қазанда Көлбаевты МҰҚК-нің бас тергеу басқармасына жеткізген. Бұның алдында әлеуметтік желілерде оны 22 қазанда Бішкектегі спорт клубтарының бірінде ұстағаны туралы мәлімет тараған.

16 қазанда МҰҚК төрағасы болып тағайындалған Қамшыбек Ташиев қылмыстық әрекеті дәлелденсе, Көлбаевты жауапқа тартатынын мәлімдеген еді. Ал Қамшы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ретінде Ішкі істер министрлігінің тізіміне алынған. Министрлік мәліметі бойынша, 2018 жылы оның тобында 424 адам болған.

2012 жылы АҚШ президенті Барак Обама Көлбаевты жеті ірі есірткі бароны ретінде "қара тізімге" қосқан. АҚШ мемлекеттік департаменті Көлбаевқа қатысты "қаржы механизмін бұзуға" септігі тиетін ақпарат үшін 1 миллион доллар сыйақы тағайындаған.