Әйгілі "Один дома" фильміндегі жекежай 11 мың теңгеге жалға беріледі (ФОТО)

Хабарландыруды фильмнің басты кейіпкері Кевиннің ағасы Базз Маккалистер берген.

Әйгілі "Один дома" фильміндегі жекежай 11 мың теңгеге жалға беріледі (ФОТО)
фото: дереккөз

Әйгілі "Один дома" фильміндегі Маккаллистерлер әулетінің жекежайы бір түнге жалға беріледі. Airbnb.co.uk жылжымайтын мүлікті жалға алу сайтында осындай хабарландыру пайда болған деп жазады life.ru.

Сайттағы хабарландыруға сүйенсек, АҚШ-тың Чикаго қаласындағы жекежайды тек бір түнге жалға алуға болады. Осы ретте, әйгілі үйді көргісі келетіндер 25 доллар (11 мың теңгеге жуық ақша) төлеуі тиіс.

Маккаллистерлердің зәулім сарайын жалға алғандар Жаңа жыл мерекесін тойлай беруіне болады. Себебі, ғимарат дәл кинодағыдай безендірілген.

Хабарландыруды фильмнің басты кейіпкері Кевиннің ағасы Базз Маккалистер берген. Ол көптеген ұсыныс күтетінін айта кеткен.

Үйді брондау бүгін, 7 желтоқсанда басталады. Сонымен қатар, жекежайда қонақтарға түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылатыны көрсетілген.