Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Тувалу мемлекеті климатқа байланысты көшуге дайындалып жатыр

Алғашқы қадам ретінде Тувалуда барлық процесті сандық режимге көшіру қолға алынған. Осылайша, тұрғындар қажетті қызметтерді онлайн ала алады. 

Тувалу мемлекеті климатқа байланысты көшуге дайындалып жатыр
фото: дереккөз

Тувалу мемлекетінің Сыртқы істер министрі Саймон Кофе БҰҰ климат саммитіне арнап жолдау жасаған. Су ортасында тұрып суретке түскен ол мемлекетті су басқан жағдайда тұрғындар көшуге мәжбүр болатынын айтты деп хабарлайды Paryz.kzLenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Тувалу үкіметі ғаламдық жылыну салдарының бірнеше нұсқасын қарастырған. Олардың ойынша, ел аумағы толығымен мұхит астына кетіп, тұруға жарамсыз болуы мүмкін. Саймон Кофенің сөзінше, Тувалу табиғи апат салдарынан көшіп кеткен алғашқы ел болмақ. Қазір 5 000-нан астам тұрғын Жаңа Зеландияға қоныс аударған. 

Бұл – жалпы мемлекет халқының тең жартысы, - деп қосты Кофе. 

Елде осы тектес жағдайға дайындық басталып кеткен. Үкімет халықаралық құқық бойынша сұрақтарды шешуге тырысып жатыр. 

Біз жер аумағымыздан айырылсақ та, өзге елдердің Тувалуды мойындағанын қалаймыз. Қазір сандық ұлтты қалыптастыруға көмектесетін технологияны ойластырып жатырмыз. Бұл өзге жерде болсақ та, бірге әрекет етуге мүмкіндік береді, - деді премьер-министр.

Алғашқы қадам ретінде Тувалуда барлық процесті сандық режимге көшіру қолға алынған. Осылайша, тұрғындар қажетті қызметтерді онлайн ала алады. 

Тувалу министрі конференцияда сөз сөйлеуі арқылы әлемге танылған еді. Ол ел астанасы орналасқан Фонгафале аралында судың ортасында костьюм киіп суретке түскен. Осылайша, климат салдарынан әлемдік мұхит деңгейінің өзгергенін жеткізгісі келген.