Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қырғызстан президенті түрмедегі кандидатқа дауыс берген

Түрмеде отырған тұтқындар жайлы айтқан ол бұл шешімінде ешқандай саяси астар жоғын жеткізді.

Қырғызстан президенті түрмедегі кандидатқа дауыс берген
фото: kg.akipress.org

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Жогорку Кенеш депутаттығына кандидат болғандарға дауыс берді. Жапаров бүгін әлеуметтік желіде жазба жариялап, ққазір қамауда отырған кандидатқа дауыс беру себебін түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kzOrda.kz-ке сілтеме жасап. 

Көптеген достарым мен таныстарым маған сұрақ қояды, ал кейбіреулері Равшан Жээнбековке дауыс бердің деп ренжіп жатыр. Иә. Мен қамаудағы кандидат Равшан Жээнбековке дауыс бердім. Ол қазір қамауда отыр. Оның кінәлі немесе кінәлі еместігін сот шешеді. Олардың ісіне араласуға ешқайсымыздың құқығымыз жоқ. Бұдан былай жүйе мен заңдар нақты жұмыс істеуі керек. Қырғыздар бұған үйренуі керек, – деді ол.

Түрмеде отырған тұтқындар жайлы айтқан ол бұл шешімінде ешқандай саяси астар жоғын жеткізді.

Тұтқындар кінәлі болса да, кінәсіз болса да, бақытсыз. Мен оларды аяймын. Оның үстіне Равшан Жээнбеков 2017 жылы мен сияқты түрмеде отыр. Мен де 2017 жылғы президент сайлауына қатысуға өтініш бердім. Бірақ Атамбаев сол сайлауға қатысуыма рұқсат бермеді. Равшан қатысады. Сайлауда жеңіске жетсе, бостандыққа шығады деген ой келді. Басқа құпия жоқ. Құдай бәрін көріп тұр. Саясаттандырудың қажеті жоқ. Бюллетенімді журналистер суретке түсіретінін білсем, қырағы болар едім, – деп түсіндірді Жапаров.