Әлем елдері ОАР-ға әуе рейстерін тоқтатты

Оңтүстік Африка өңірінен келетін жолаушыларға қатысты шектеу шараларын Түркия, Үндістан, Сингапур мен көрші Ресей де қолға алды.

Әлем елдері ОАР-ға әуе рейстерін тоқтатты
фото: ашық дереккөз

Әлемнің 20-дан астам елі Оңтүстік Африкамен қатынайтын рейстерді тоқтатып тастады деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Дүйсенбіден бастап АҚШ-та жолаушыларға қатысты шектеулер енгізілмек. Ал Канада билігі тұрғындарды Оңтүстік Африка, Мозамбик пен Намибияға сапарлауға тыйым салды.

Вирустың тарауына байланысты таяуда Ұлыбитания билігі де елге келгендердің барлығы ПТР-тест тапсыру керек деген шешім қабылдады. Талапқа сай халық вакцина қабылдаса да, 10 күн оқшаулануы тиіс. Қазір бұл елде омикрон штамын жұқтырған екі науқас анықталды.

Оңтүстік Африка өңірінен келетін жолаушыларға қатысты шектеу шараларын Түркия, Үндістан, Сингапур мен көрші Ресей де қолға алды.