Еске салсақ, Қырғызстандағы Парламент сайлауына 21 партия қатысып жатыр.
Қызғызстанда бүгін, 28 қарашада Жогорку Кенеш депутаттар сайлауы басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат, Кабарға сілтеме жасап.
ОСК өкілі Нұржан Шайлдабекованың мәліметінше, Жогорку Кенештің жаңа құрамы 90 депутаттан тұрады және аралас сайлау жүйесі бойынша 5 жылға сайланады.
Осылайша, Жогорку Кенештің 54 депутаты пропорционалдық жүйемен (саяси партия кандидаттарының ашық тізімі бойынша), 36 депутат бір мандаттық сайлау округінде мажоритарлық жүйемен сайланады
ОСК өкілі Нұржан Шайлдабекова елде 2435 сайлау учаскесінің ашылғанын айтты. Шетелде 59 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Барлық сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықпен және материалдармен жабдықталған. Учаскелерде бюллетень саны да жетерлік, - деді ол.
Шайлдабекованың айтуынша, ОСК дауыс беру процесін бақылау үшін 736 халықаралық бақылаушы тіркеуден өткен.
Еске салсақ, Қырғызстандағы Парламент сайлауына 21 партия қатысып жатыр.