Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

АҚШ Ресей жіберген жасанды тыныс алдыру аппараттарын жойды

Бұған Ресейдегі ауруханаларда жасанды тыныс алдыру аппаратынан шыққан өрт себеп болуы мүмкін.

АҚШ Ресей жіберген жасанды тыныс алдыру аппараттарын жойды
Фото: og.ru

АҚШ Ресей жіберген 45 "Авента-М" жасанды тыныс алдыру аппаратын жойды, деп хабарлады paryz.kzРИА Новостиге сілтеме жасап.

Buzfeed басылымының мәліметінше, оған бірнеше себеп бар. Осындай себептердің бірі - америкалық және ресейлік электр желілеріндегі кернеу айырмашылығы мен өндіруші компанияға салынған санкция. Сонымен қатар, медициналық құралдың жойылуына Ресейдегі ауруханаларда жасанды тыныс алдыру аппаратынан шыққан өрт те себеп болуы мүмкін.

АҚШ билігі ресейлік аппараттар ешқашан пайдаланылмағанын және олардың үнемі резервте тұрғанын атап өтті.

Аппараттарды өндірген "Радиоэлектронные технологии" концернінің баспасөз қызметі БАҚ-та жарияланған бұл ақпаратқа сенбейтінін мәлімдеді. Алайда, Федерал төтенше жағдайларды басқару агенттігі (FEMA) бұл фактіні растады. Ведомство аппараттарды қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі қатаң норматив ұсынымдарына сәйкес кәдеге жаратқанын жеткізді.

"Бақытымызға орай, қисық сызықты теңестіру (коронавирус инфекциясын жұқтыру - ескерту) жасанды тыныс алдыру аппараттарының керегі жоғын көрсетті. Бірақ, олар Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі жағдай нашарласа, пайдалануы мүмкін деген болжаммен резервте болды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.