Мексикада автобус тұрғын үйге соғылып, 21 адам қаза тапты

Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. 

Мексикада автобус тұрғын үйге соғылып, 21 адам қаза тапты
фото: дереккөз

Мексиканың Хокисинго қаласында жолаушыға лық толы автобус тұрғын үйге соғылды деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеме жасап. 

Апаттан 21 адам мерт болып, тағы 20-дан астам жолаушы түрлі жарақат алды. Олар әуе көлігімен ауруханаға жеткізілді.  Құтқарушылар марқұмдардың саны тағы өсуі мүмкін деп отыр. Автобус Мичоакан штатына қарай бет алған. Алдын ала болжам бойынша автобустың тежегіші істен шыққан.

Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.