Мысырдың пирамидалары наурыз айының ортасында пандемияға байланысты жабылған болатын.
Associated Press басылымының хабарлауынша, алдымен пирамидаға келушілер саны шектеулі болады. Елдің ең танымал археологиялық кешенінің аумағына тек ұйымдастырылған топтарға және алдын ала жазылу арқылы кіруге рұқсат.
Жергілікті мұражайлар да әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтай отырып, шетелдіктерді қабылдауға дайын екендігін хабарлады. Көрме залдарында адамдардың көп жиналмауын қадағалайтын арнайы белгілер орнатылды.