Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Джо Байден "Демократия саммитіне" Қазақстанды шақырмай қойды

Еске салайық, тамыз айында Байден 9-10 желтоқсанда "Демократия үшін көшбасшылардың" виртуалды саммитін шақыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Джо Байден "Демократия саммитіне" Қазақстанды шақырмай қойды
фото: AP

АҚШ президенті Джо Байден демократия саммитін өткізуге шешім қабылдады. Интерфакстің мәліметінше, АҚШ мемлекеттік департаменті сайтында саммитке қатысуға шақырылған 110 елдің тізімі жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz.

Шақырылған елдер тізімінде жоқ елдер: Ресей, Қытай, Украина, Армения, Грузия, Молдова, Литва, Латвия және Эстония. Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан.

Саммитке қатысушылардың тізімі сан алуан. Демократиялық елдер де бар, Ангола, Конго Демократиялық Республикасы, Ирак, Кения, Малайзия, Пәкістан, Сербия, Замбия сияқты автократиялық елдер де бар.

Freedom House есебіне сәйкес, шақырылғандардың көпшілігі – жетпіс жеті ел "еркін" немесе толық демократиялық елдер болып саналады. Тағы 31 ел еркіндік бар елдер болып саналады. Шақыруды қабылдамаған Еуропа Одағының жалғыз елі Венгрия болды. АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы Түркия да шақырту алмаған.

Еске салайық, тамыз айында Байден 9-10 желтоқсанда "Демократия үшін көшбасшылардың" виртуалды саммитін шақыру туралы шешім қабылдаған болатын. Ақ үй мәлімдемесінде саммит "үш негізгі тақырып бойынша міндеттемелер мен бастамаларды қарастырады: авторитаризмнен қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күресу және адам құқықтарын құрметтеу" делінген.