Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Каддафидің ұлы Ливия президенттігіне үміткер ретінде тіркелді

Ол Ливия түрмесінде 2017 жылдың шілдесіне дейін болған.

Каддафидің ұлы Ливия президенттігіне үміткер ретінде тіркелді
фото: Reuters

10 жыл бұрын содырлардың қолынан қаза тапқан Ливия басшысы Муамар Каддафидің екінші ұлы Сейф әл-Ислам Каддафи елдегі президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелу үшін құжаттар тапсырды деп хабарлайды Orda.kz.

Аl-Marsad жергілікті басылымының ақпараты бойынша, құжаттар елдің оңтүстік-батысындағы Сабха қаласындағы жоғарғы сайлау комиссиясының бөліміне тапсырылған.

2020 жылдың көктемінде Ливияның бұрынғы басшысының ұлы Джамахирияның өкілдері 49 жастағы Сейф әл-Ислам Каддафи Ливияда өтетін мемлекет басшысының сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға ниетті екенін айтты.

Ақпан айының басында Женевада БҰҰ қолдауымен Ливия саяси диалогының форумы 24 желтоқсанға белгіленген жалпы сайлауға дейін елді басқаратын уақытша атқарушы билігін сайлады. Президенттік кеңестің жаңа басшысы болып Ливияның Грекиядағы бұрынғы елшісі Мухаммад Менфи сайланды. Уақытша үкіметтің басшысы болып ливиялық бизнесмен және саясаткер Абделхамид Дбейба сайланды.

2011 жылы Каддафи режимі құлағаннан кейін, оның өзі және оның туыстарын іздеу шаралары жүрді. Көтерілісшілер Каддафиді, сондай-ақ оның ұлы Муатасемді өлтірді. Каддафидің ұлы Хамис Триполи бомбалау кезінде қайтыс болды. Оның тағы бір ұлы – әкесінің ең адал серіктестерінің бірі Сейф әл-Ислам тұтқынға алынды. Ол Ливия түрмесінде 2017 жылдың шілдесіне дейін болған. Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Сейф әл-Исламды босату туралы жаңалықтан кейін оны тағы да тұтқындауға шақырды. Оған қатысты ХКК 2011 жылы берген қамауға алу ордері бар.