Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Депутат баяндамасын 15 сағат бойы оқыған (ВИДЕО)

Ол кем дегенде 13 сағат оқитынын жеткізген болатын.

Депутат баяндамасын 15 сағат бойы оқыған (ВИДЕО)
фото: Reuters

Чилиде депутат Хаима Наранхо шамамен 15 сағат баяндама оқыған. Ол коронавирустан карантинде жатқан өзге депутат Чили Президенті импичменті үшін дауыс беруіне мүмкіндік жасаған деп хабарлады Paryz.kzReuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жағдайға дейін Наранхо жергілікті BioBio радиостансасына 1300 парақ мәтін әзірлегенін айтқан. Ол кем дегенде 13 сағат оқитынын жеткізген болатын. Бұл уақыт әріптесінің дауыс беруге мүмкіндік алуына жететін еді. 

Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған Джорджо Джексон 9 қарашаға дейін карантинде болуға тиіс еді. Ол түн ортасына дейін үйде отырып, парламентке шықты.

Джексонның дауыс беру маңызды болғанын атап өту керек. Өйткені импичмент жарияланғаннан кейін 155 депутаттың 78-і қолдап дауыс беруі керек еді. Сондықтан әр депутат даусы қымбат болды.

15 сағат баяндама оқыған Наранхо 15 және 20  минутқа екі-ақ рет үзіліс жасаған. Түнде депутат Джексон Instagram парақшасында көлігіне отырып парламент ғимаратына бет алған видео жариялады.

Парламент отырысы 22 сағатқа созылған. Депутаттардың жоспары іске асып, тиісті дауыс жинады. Енді импичмент мәселесі Сенатта қаралады.