Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ауғанстандағы аурухана маңында жарылыс болып, 19 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Аурухана ғимаратына кірген лаңкестер тобы мен тәліптер арасында қақтығыс болған.

Ауғанстандағы аурухана маңында жарылыс болып, 19 адам қаза тапты (ВИДЕО)
фото: Reuters

Ауғанстан астанасы Кабулдағы аурухана маңындағы жарылыс салдарынан 19 адам қайтыс болып, 50 адам жарақат алды деп хабарлайды Paryz.kzРИА Новости-ге сілтеме жасап.

Bakhtar агенттігі Кабулдағы ауруханаға шабуылды "Ислам мемлекеті" террористік тобының содырлары жасағанын мәлімдеді (Қазақстанда тыйым салынған).

Лаңкестің шабуылы Денсаулық сақтау министрлігінің маңында орналасқан 400 орындық ауруханада болды, - деді оқиға куәгері агенттікке.

Сондай-ақ куәгерлер аурухана ғимаратына кірген лаңкестер тобы мен тәліптер (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) арасында қақтығыс болғанын айтты.

19 мәйіт пен 50-ге жуық зардап шеккен адам Кабул ауруханаларына жіберілді, - деді агенттікке шенеуніктердің бірі.

"Талибан" өкілі Билал Каримидің айтуынша, сейсенбіде Кабулдағы ауруханада екі жарылыс болған. Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Кари Саид Хости оқиға орнына арнайы жасақ барғанын айтты.

Қазақстан СІМ қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.