"Талибан" жетекшісі алғаш рет көпшілік алдына шықты

Діни лидер Хайбатулла Ахунзада 2016 жылдан бері "Талибан" қозғалысын басқарады.

"Талибан" жетекшісі алғаш рет көпшілік алдына шықты
фото: ашық дереккөз

"Талибан" қозғалысының жетекшісі (Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) Хайбатулла Ахунзада алғаш рет көпшілік алдына шықты деп хабарлайды Paryz.kz

Лаңкестік топ өкілдерінің айтуынша, 30 қазан күні Ахунзада Кандагар қаласындағы Дарул Улум Хаким медресесіне барған. Ол өзінің жақтастарына, "ержүрек сарбаздары мен шәкірттеріне" аудиожазба арнаған. Белгілі болғандай, «Талибан» жетекшісінің сөзінде саяси мәлімдемелер жоқ.

Ахунзада аудиожазбасында "20 жыл бойы кәпірлер мен залымдарға қарсы күрескен Ауғанстанның халқына Алла сауабын берсін. Менің мұндағы ниетім сіз үшін дұға ету, ал сіздер мен үшін маған дұға етіңіздер" деген.

Діни лидер Хайбатулла Ахунзада 2016 жылдан бері "Талибан" қозғалысын басқарады. Талибандар қатарында ол әскери қолбасшыдан гөрі рухани көшбасшы болып саналады.