Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

Ол 2017 жылы Қырғыз Республикасының президенті болып сайланған.

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті
Фото: Twitter

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы president.kg сайтында жарияланды. 

"Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын", - делінген Жээнбековтің үндеуінде.

Еске сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы Қырғыз Республикасының президенті болып сайланды.