Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Өзбекстан тарихында тұңғыш рет президенттік сайлауда кандидат өкілдері арасында дебат өтті.

Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр
фото: sputnik

Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Шавкат Мирзиеевті қосқанда бес үміткер бар деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазіргі Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев қайта сайлануға ниетті. Оның командасы елге ауқымды инвестиция тартып, шағын және орта бизнесті дамытып, экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, әлеуметтік саланы жаңарта білді.

Өзбекстан тарихында тұңғыш рет президенттік сайлауда кандидат өкілдері арасында дебат өтті.

Бұл науқанның басты ерекшелігі – екінші орынды кім алатындығында. Өткен президенттік сайлауда ол коммунистердің мұрагері болған Халықтық-демократиялық партиясының өкіліне бұйырды. Парламенттік сайлауда Жириновский партиясының өзбек аналогы, еркін нарық қағидаттарын және ұлттық құндылықтардың басымдығын қорғайтын "Миллий тикланиш" партиясы UzLiDep-тен кейінгі екінші нәтиже көрсетті. Бақылаушылардың айтуынша, МТ кандидаты Әлішер Қадыров еңбек мигранттарына салық салу туралы  идеяны ұсынғаннан кейін рейтингі төмендеген. ХДП-ның артықшылығы - әйел адамның ұсынылуында. Президенттік сайлауда партия атынан  – парламенттің төменгі палата депутаты Мақсуд Варисова қатысуда.

Президенттік сайлауға кандидаты алғаш рет қатысып отырған Экологиялық партия өкілінің сөзі пікірсайыстың сенсациясы ретінде аталды. "Жаңа солшыл" ХДП – "Адолат" социал-демократиялық партиясымен қарқынды қарсыласуда.

Өзбекстан президенті 5 жыл мерзімге сайланады. Бұл 35 жастан кем емес, мемлекеттік тілді жетік білетін, елде сайлауға дейін кемінде 10 жыл тұрақты тұратын республика азаматы болуы тиіс. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық президент бола алмайды.

ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын дүйсенбі, 25 қазанда жариялайды.