Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Ералаш" режиссеріне педофилия бойынша айып тағылды

Белостоцкий үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Ералаш" режиссеріне педофилия бойынша айып тағылды
фото: ашық дереккөз

Мәскеуде ресейлік режиссер, сценарист, "Ералаштың" режиссері Илья Белостоцкийге 12-14 жас аралығындағы балаларға қатысты азғындық әрекет жасады деген айып тағылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Оның тергеу абақтысында отырғанына бір жыл болған. 

Бұған дейін БАҚ өкілдеріне ер адамның қамауға алынғаны туралы хабарланған жоқ. Ол өткен жылдың қазан айында қамауға алынып, содан бері тергеу изоляторында отырғаны белгілі болды.

Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің "он екі жасқа толған, бірақ он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалған азғындық" бабы бойынша Белостоцкий үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Илья Белостоцкий – ресейлік режиссер, сценарист, актер және продюсер, Ресейдің режиссерлер гильдиясының құрамына кіреді. Қамауға алынғанға дейін "Ералаш" кино-журналының режиссері болып жұмыс істеді.