Ол жауынгерлерге адал әрі сенімді қызмет етуді бұйырды
Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин ел әскерін соғысқа дайын болуға шақырды, деп хабарлады paryz.kz, Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Си Цзиньпин Чаочжоу қаласындағы теңіз жаяу әскери корпусының жұмысын тексеріп, "жоғары дайындықты ұстануын" талап етті. Жауынгерлерге адал әрі сенімді қызмет етуді бұйырды.
Сонымен қатар, ол алдағы бесжылдықта әскерді күшейту мәселесі қолға алынатындығын мәлімдеді.
«Біз қазіргі жағдайды ескере отырып, болашаққа деген көзқарасты қалыптастыруымыз керек. Барлығын тыңғылықты зерттеп, қарама-қайшылықтарды шешіп, шынайы қажеттіліктерді өтеуіміз тиіс. Сонымен қатар, теңіз жаяу әскерін күшейту қажет", - деді Си Цзиньпин.